Орталықтың құрылымы

Зеттеулердің (қызметі) негізгі бағыттары

«В.Г.Фесенков атындағы астрофизикалық институт» ЕЖШС галактикалық жүйелер, галактиканың белсенді ядролары, жұлдыздар, тұмандықтар, Күн, күн маңындағы кеңістік, ғаламшарлар, Жердің жасанды серіктері және ғарыш қалдығы бойынша іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізеді.

 

«В.Г.Фесенков атындағы астрофизикалық институт» ЕЖШС құрылымы

«В.Г.Фесенков атындағы астрофизикалық институт» ЕЖШС құрылымына бір бөлім және төрт зертхана кіреді:

1.    Келешекті астрофизикалық зерттеулер бөлімі (бөлім басшысы – ф.-м.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі Леонид Михаилұлы Чечин).

Бөлім құрылымы:

Бөлім үш сектор және бір экспедициядан тұрады:

- Ультра күлгінді атмосферадан тыс зерттеулер секторы

Жұмыстардың бағыты: қараңғы материяның табиғатын, оның спектрдің оптикалық және ультра күлгін диапозондарында бақылануын зерттеу, жұлдыздар жүйесіне есептік астрофизика әдістерін қолдану.

- Жердің жасанды серіктерін (ЖЖС) бақылау және ақпараттық жүйелер секторы (сектор меңгерушісі ф.-м.ғ.к. Александр Владимирұлы Диденко)

Жұмыстардың бағыты: геостационарлық ЖЖС және ғарыш қалдығы жөнінде координаттық және фотометриялық ақпараттар алу, оларды сәйкестендіру мен каталогтау.

- Астрономиялық кешендерге қызмет көрсету секторы (сектор меңгерушісі – Николай Викторұлы Еремеев)

Сектордың міндеттері: «В.Г.Фесенков атындағы астрофизикалық институт» ЕЖШС бақылау базасындағы телескоптардың, фотометрлер және спектрометрлердің жұмыс істеу жағдайын қолдау; белгілі ғылыми тапсырмаларды шешу немесе қайта жаңарту мақсатымен телескоптар, фотометрлер және спектрометрлердің тораптары мен механизмдерін, құрылғыларын өңдеу, құрастыру, дайындау және орналастыру.

- «Тянь-Шань астрономиялық обсерваториясы және Короналды станция» экспедициясы (ТШАО және КС).

2.    Жұлдыздар және тұмандықтар физикасы зертханасы (зертхана меңгерушісі –ф.-м.ғ.к. Любовь Илларионқызы Шестакова)

Жұмыстардың бағыты: дамудың ерте кезеңдеріндегі жұлдыздар және тұмандықтардың спектрлік және фотометриялық зерттеулері, жұлдыздар мен жұлдыздар жүйесінде өтетін тұрақсыз үрдістерді зерттеу.

Зертхана құрылымына «Ассы-Түрген обсерваториясы» Экспедициясы кіреді.

3.    Космология, жұлдыздар динамикасы және есептік астрофизика зертханасы

Жұмыстардың бағыты: жұлдыздар динамикасы, космология және есептік астрофизика саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулер.

Зертхана құрылымына бір сектор кіреді.

Ядролық астрофизика секторы (сектор меңгерушісі – ф.-м.н.д., профессор Сергей Борисұлы Дубовиченко)

Жұмыстардың бағытыт: Ядролық астрофизика саласында іргелі және қолданбалы зерттеулер; Әлемнің дамуы мен құрылуының әр түрлі кезеңдерінде термоядролық үрдістердің механизмдерін түсіндірумен байланысты мәселелерді шешу.

4.    Ай және ғаламшарлар физикасы зертханасы (зертхана меңгерушісі – ф.-м.н.д., профессор Виктор Германұлы Тейфель)

Жұмыстардың бағыты: ғаламшарлар және басқа да күн жүйесі денелерінің физикасы бойынша іргелі және қолданбалы зерттеулер: Жер, жер тұрыптас ғаламшарлардың, алып ғаламшарлардың құрылымдары мен негізгі оптикалық параметрлерін зерттеу.

5.    Ғарыштағы белсенді үрдістер зертханасы (зертхана меңгерушісі ф.-м.н.д., профессор Эммануил Яковлевұлы Вильковиский)

Жұмыстардың бағыты: Галактиканың белсенді ядроларының, күннің белсенді үрдістерінің іргелі және қолданбалы астрофизикалық зерттеулері.

 

«В.Г.Фесенков атындағы астрофизикалық институт» ЕЖШС бақылау базалары:

¨      Каменское платодағы астрофизикалық зерттеулер обсерваториясы

Каменское платодағы астрофизикалық зерттеулер обсерваториясы теңіз деңгейінен 1 450 м шамасында биіктікте орналасқан. (Алматы қаласы, Каменское плато, Обсерватория к, В.Г.Фесенков атындағы астрофизикалық институт)

Обсерваториядағы телескоптар:

·  Негізгі айнасының диаметрі 70 см болатын АЗТ-8 телескобы;

·  Негізгі айнасының диаметрі 60 см болатын Цейс-600 телескобы;

·  Негізгі айнасының диаметрі 50 см болатын Герц телескоп-рефлекторы;

·  Негізгі айнасының диаметрі 50 см болатын Мақсұтов жүйесінің жарығы күшті менискті телескобы;

АЗТ-8 телескобында сейферттік галактикаларға, симбиотикалық нысандарға, рентген компоненттері бар қос жүйелерге, геостационар серіктерге бақылаулар жүргізіледі.

 Цейс-600 телескобында ғаламшарларға бақылаулар жүргізіледі.

Каменское платодағы астрофизикалық зерттеулер обсерваториясы ғарыш саласының стратегиялық нысандарының қатарына жатады (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 маусымындағы № 651 Қаулысы).

¨      «Тянь-Шань астрономиялық обсерваториясы және Короналды станция» Экспедициясы (ТШАО және КС)

ТШАО және КС Алматы қаласының оңтүстігінде 30 км қашықтықта, теңіз деңгейінен 2 735 м шамасында биіктікте орналасқан. (Алматы облысы, Қарасай ауданы, Үлкен Алматы көлі, Тянь-Шань астрономиялық обсерваториясы)

ТШАО және КС обсерваториясында өте жақсы астроклимат: жылына 100-ге дейін фотометриялық түндер, атмосфераның жоғары мөлдірлігі, болмашы жарық және аз турбуленттік (орташа FWHM=3").

Көптеген астрономиялық зерттеулер жүргізу үшін жақсы астроклиматтық жағдай мен Алматы қаласынан қашықта орналасуы ТШАО және КС обсерваториясын ыңғайлы бақылау базасы етеді.

Автоматтандырылған 1 метрлік телескоптың және ғаламтор арқылы байланыстың болуы ТШАО халықаралық жобаларға қатысуға мүмкіндік береді.

ТШАО 1 метрлік телескобында Құс жолы ауыспалы жұлдыздарына, апсид қозғалмалы сызықтарында тұтылмалы жұлдыздарға, өтетін компоненттері бар тұтылмалы жұлдыздарға фотометриялық зерттеулер жүргізіледі, экзоғаламшарлар және ақ қортық бойынша бағдарламалар жүзеге асады.

Екінші 1 метрлік телескопты жаңарту және автоматтандыру ТШАО мүмкіндіктерін кеңейтеді.

ТШАО ғарыш саласының стратегиялық нысандарының қатарына жатады (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 маусымындағы № 651 Қаулысы).

¨      «Ассы-Түрген обсерваториясы» Экспедициясы

«Ассы-Түрген» обсерваториясы Алматы қаласының шығысында 85 км қашықтықта, теңіз деңгейінен 2 750 м шамасында биіктікте орналасқан. (Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Үш бұлақ шатқалы, Ассы-Түрген шоқысы)

 «Ассы-Түрген» Қазақстандағы тамаша астроклиматты жалғыз обсерватория: атмосфераның жоғары мөлдірлігі, болмашы жарық және өте аз турбуленттік (орташа FWHM<2").

 «Ассы-Түрген» обсерваториясының 1 метрлік телескобында Ae/Be Хербиг жұлдыздарына, симбиотикалық нысандарға және рентген компоненттері бар қос жүйелерге зерттеулер жүргізіледі.

Жақын болашақта 1,5 метрлік телескопты қатарға қосу жобалануда.

 

Іргелі және қолданбалы зерттеулер

I.     2012-2014 жж. «Ғылыми жобаларды гранттық қаржыландыру» 101 бағдарламасының  «Ғылым және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет» 055 бөлімі аясында төмендегі жобалар орындалуда:

«Ғаламдар эволюциясын және олардың қараңғы материя фонында шоғырлануын зерттеу»;

«Әлемнің алғашқы  нуклеосинтезінде термоядролық үрдістерді зерттеу»;

«Күн және жұлдыздар CNO циклінің кейбір негізгі және қосымша термоядролық үрдістерін зерттеу»;

«Жұлдызды құрылулар мен белсенді галактикалар ядро айналасындағы  аймақтарындағы физикалық үрдістерді зерттеу»;

«Күн жүйесінің таңдаулы нысандарының физикалық қасиеттерін зерттеу».

II.  2012-2014 жж. «Ғарыш қызметі саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер» 002 Республикалық бюджеттік бағдарламасы аясында келесі жобалар орындалуда:

«Орбиталық телескоптар мәліметтері бойынша ультра күлгін диапазонда астрофизикалық зерттеулердің әдістерін жетілдіру»;

«Геостационар орбитада кіші көлемді жасанды нысандарды іздеу және ере жүру әдістері мен алгоритмдерін жетілдіру»;

«Инфра қызыл артықшылығы бар ерте спектрлік класстардағы жұлдыздарды зерттеу әдістері мен технологияларын дамыту».

 

Кадрлық құрам

Қызметкерлердің барлығы – 116, оның ішінде 47 – ғылыми қызметкер (9 – доктор және 24 ғылым кандидаты), 29 – инженер-техник қызметкері.

 

«В.Г.Фесенков атындағы астрофизикалық институт» ЕЖШС басшылығы:

Директор – физ.-мат. ғыл. канд, PhD Шыңғыс Төкенұлы Омаров

ҒЗЖ бойынша директор орынбасары – физ.-мат. ғыл. канд. Рашит Равилұлы Валиуллин

Жалпы сұрақтар бойынша директор орынбасары – Фимия Григорийқызы Татанова

Ғалым-хатшысы – физ.-мат. ғыл. канд. Гаухар Көпбайқызы Айманова

 

Байланыстар:

Пошта мекен-жайы: 050020, Алматы қаласы, Медеу ауданы, Каменское плато, Обсерватория, 23, В.Г.Фесенков атындағы астрофизикалық институт

Телефон: (727) 260-75-90 (қабылдау бөлмесі, факс)

e-mail: secretariat@aphi.kz

http://www.aphi.kz/