Орталықтың құрылымы

Зерттеулердің негізгі бағыттары:

· ЖҚБ деректерін қабылдау, мұрағаттау, өңдеу және бейнелеу технологиясын дамыту. Жер беті нысандарының спектрлі сипаттамаларын зерттеу, ауыл шаруашылығы пайдалану жерлері мен қоршаған ортаның, төтенше жағдайлардың (су тасқыны су жайылуы, өрттер) ғарыштық мониторингі, ЖҚБ және жер беті күйінің көпжылдық деректерін талдау негізінде түрлі спектрлі, кеңістіктік және уақытша шешімдегі жер серігі деректерін тақырыптық дешифрлеу салаларында іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу.

· Кіші жер серіктері зерттеулерін жүргізу. Төтенше жағдайлардың салалық және аумақтық ситуациялық ғарыштық мониторингі орталықтарын құру.

Департамент құрамында:

- ауылшаруашылығы өндірісі ғарыштық мониторингі зертханасы

 (зерт. меңгерушісі – а.-ш. ғ.к. Бекмұхамедов Нұрлан Эркінұлы)

- төтенше жағдайлар ғарыштық мониторингі зертханасы

(зерт. меңгерушісі – Сағатдинова Гульшат Наилевна)

- ғарыштық мониторинг ақпараттық технологиялары зертханасы

 (зерт. меңгерушісі – Айнсанов Мәлік Гарифуллаұлы)

- аумақтық үрдістер ғарыштық мониторингі зертханасы

 (зерт. меңгерушісі – т.ғ.к. Батырбаева Мәдина Жанайқызы)

- Ғарыштық ақпараттарды қабылдау орталығы

(Орталық бастығы – т.ғ.к. Шагарова Людмила Валентиновна)

Департамент директоры – т.ғ.к. Бекмұхамедов Бауыржан Эркінұлы

Департамент директорының орынбасары – ф.-м.ғ.к. Ақназарова Раушан Болатқызы

Департамент директорының орынбасары – Каипов Ильдан Валиевич