Орталық туралы

Ғылыми-зерттеу қызметін реттеу, жүргізу және жүзеге асыру. Іргелі және қолданбалы ғарыштық зерттеулер.

  1. Ғылыми зерттеулердің негізгі бағыттары мен жоспарларын қалыптастыру, аяқталған ғылыми зерттеулерді Қазақстан Республикасының Ұлттық ғарыш агенттігіне ұсыну;
  2. Ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет туралы ғылыми ұйымдардың жылдық есептеріне негізделген қорытындылар мен ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Ұлттық ғарыш агенттігіне ұсыну;
  3.  Ғылымның басқа бағыттары бойынша зерттеу қызметін үйлестіру және салааралық бағдарламаларды қалыптастыру;
  4. Жерүсті және спутниктік орналасқан ғарыштық инфрақұрылым, радиоэлектроника мен байланыс, материалтану, ғарыштық биология және медицина, ғарыш ауа райының мониторингі мен болжау, табиғи-техногенді үрдістерді қашықтықтан барлау, табиғи-аумақтық кешендерді, экожүйені және табиғи-техногенді үрдістерді геоақпараттық модельдеудің технологиялық дамуын ғылыми-теникалық қамтамасыз ету;
  5. Түрлі бағыттағы ғарыштық-зымыран кешендерін пайдалану қауіпсіздігін, оның ішінде олардың экологиялық сараптамасы мен төлқұжаттауды қоса, қамтамасыз ету саласында зерттеулер жүргізу;
  6. Ғарыштық зерттеулер және ғарыштық жүйелер әзірлеу бойынша қолданыстағы және болашақ ғылыми-техникалық сараптамалар;
  7. Ғарыштық зерттеулер саласында іргелі және қолданбалы жұмыстар жүргізу, қазіргі заман ғарыштық технологиялардың ғылыми негізін құру және оларды Қазақстан экономикасының түрлі салаларында пайдалану;
  8.  Мониторинг технологиясын құру және аумақтық жүйелерді болжау мақсатында аэроғарыштық барлау және үлгілерді танып-білу әдістерімен атмосфера мен төселген жазықтықты зерттеу;
  9. Ғарыштық мониторинг және қашықтықтан барлау технологияларын қолдану негізінде экология, ауыл шаруашылығы, геология, картография, жерді пайдалану, су шаруашылығы салаларында және басқа нысандар мен үрдістердің қолданбалы міндеттерін шешу;
  10. Құрылымы мен қасиеттері белгілі жаңа құрылымдық материалдар жасап шығару міндеттерін шешу үшін ғарыштық материалтану, металлофизика, серпімділік физикасы және термикалық өңдеу салаларында зерттеулер жүргізу;
  11. Ғарыштық технологиялар, радиоэлектроника мен байланыстың жаңа технологиялары, материалтану, ғарыштық биология және медицина, ғарыштық ауа райының мониторингі және болжау, табиғи-аумақтық кешендерді, экожүйені және табиғи-техногенді үрдістерді геоақпараттық модельдеуді қашықтықтан барлау салаларында мемлекетаралық ғылыми-техникалық ынтымақтастықты дамыту мәселелері бойынша шетелдік мемлекеттердің ұқсас ұйымдарымен өз құзыреті шегінде қарым-қатынас орнату;
  12. Түрлі меншік формаларындағы ғылыми ұйымдармен, кәсіпорындармен тікелей байланыс орнату және зерттеулерді ғылыми-ақпараттық қамтамасыз ету үшін жағдай жасау.

Конструкторлық-сынақ және өндірістік-шаруашылық қызметті қамтамасыз ету және жүзеге асыру 

  1. Аэроғарыштық суретке түсіру әдістері негізінде географиялық ақпараттық жүйе құру;
  2. Жерді ғарыштан қашықтықтық барлау деректерін қабылдау, өңдеу, тарату, эквивалентті ауыстыру және  сату;
  3. Түрлі бағыттағы ғарыштық құралдарын, байланыс, навигация және қашықтықтан барлау ғарыштық жүйелерін әзірлеу және пайдалану;
  4. Түрлі бағыттағы ғарыштық-зымыран кешендерін, оның ішінде олардың экологиялық сараптамасы мен құжаттандыруды  қоса, пайдаланудың экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
  5. Жерүсті және спутниктік орналасқан ғарыштық инфрақұрылымдар, радиоэлектроника мен байланыстың жаңа технологиялары, материалтану, ғарыштық биология және медицина, ғарыштық ауа райының мониторингі және болжау, табиғи-аумақтық кешендерді, экожүйені және табиғи-техногенді үрдістерді геоақпараттық модельдеуді қашықтықтан барлау салаларында жобалық, жобалық-технологиялық және конструкторлық жұмыстарды орындауға қатысу;
  6. Жерүсті және спутниктік орналасқан ғарыштық инфрақұрылымдар, радиоэлектроника мен байланыстың жаңа технологиялары, материалтану, ғарыштық биология және медицина, ғарыштық ауа райының мониторингі және болжау, табиғи-аумақтық кешендерді, экожүйені және табиғи-техногенді үрдістерді геоақпараттық модельдеуді қашықтықтан барлау салаларында  жаңа ғарыштық технологияларды өнеркәсіптік игеруге қатысу;
  7. Ғарыштық сала, навигациялық және медициналық жабдықтар мен өнеркәсіптің басқа да салаларына арналған аспаптар мен жабдықтар жасап шығару үшін конструкторлық-сынақ жұмыстарына қатысу;
  8. Жерүсті және спутниктік орналасқан ғарыштық инфрақұрылымдар, радиоэлектроника мен байланыстың жаңа технологиялары, материалтану, ғарыштық биология және медицина, ғарыштық ауа райының мониторингі және болжау, табиғи-аумақтық кешендерді, экожүйені және табиғи-техногенді үрдістерді геоақпараттық модельдеуді қашықтықтан барлау салаларында технологиялар, аспаптар мен жабдықтардың деректер банкін қалыптастыру;
  9.  Жерүсті және спутниктік орналасқан ғарыштық инфрақұрылымдар, радиоэлектроника мен байланыстың жаңа технологиялары, материалтану, ғарыштық биология және медицина, ғарыштық ауа райының мониторингі және болжау, табиғи-аумақтық кешендерді, экожүйені және табиғи-техногенді үрдістерді геоақпараттық модельдеуді қашықтықтан барлау салаларында жаңа аспаптар мен жабдықтарды әзірлеу, дайындау және пайдалануға беру бойынша мердігерлік жұмыстар орындауға қатысу;
  10. Қоғамның сынақ-эксперимент, өндірістік және әлеуметтік салаларының дамуы мен қызмет атқаруын қамтамасыз ету.

Инжиниринг және консалтинг қызметтерін көрсету

Маркетингтік зерттеулер жүргізу

Инновациялық қызметті жүзеге асыру

Қазақстан Республикасы  Ұлттық ғарыш агенттігі қызметі туралы ақпарат беру және ғылым жетістіктерін насихаттау

Ғылым мен ғарыштық технологиялардың жетістіктерін насихаттауды жүзеге асыру. Халықаралық және республикалық съездер, сессиялар, конференциялар, семинарлар, мәслихаттар, көрмелер ұйымдастыру, өткізу; ғылыми журналдар мен еңбектер жариялау және Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің қызметі туралы ақпарат беру

Жоғары біліктілікті кадрлар дайындау. Зерделік меншікті қорғау.

  1. Біліктілігі жоғары  кадрлар дайындау (магитратура, аспирантура, докторантура), зерттеулер мен технологиялар саласында  ғылыми қызметкерлердің машықтануын, ғарыштық инженерлік-техникалық персоналдың біліктілігін жетілдіру курстарын ұйымдастыру;
  2. Машықтанулар, симпозиумдар мен семинарлар, көрмелер өткізу жолымен ғылыми-зерделік меншікті қорғауды, бірлескен жобаларды жүргізуді және ғылыми ынтымақтастықты жүзеге асыруды қамтамасыз ету.

Нормативті-құқықтық құжаттаманы әзірлеу

  1. Ғарыштық технологияларда қолданылатын ғарыштық және басқа да салалардың кәсіпорындары мен нысандарын стандарттау, ақпараттандыру, автоматтандыру, сертификаттау және сервисті қызмет көрсету бойынша жұмыстарды қамтамасыз етуге қатысу;
  2. Ғарыштық инфрақұрылымның қызметін ғылыми-әдістемелік және норамивті-техникалық қамтамасыз етуді әзірлеуге қатысу;
  3. Ғарыштық инфрақұрылымның кәсіпорындары мен нысандарының техникалық және экологиялық аудитіне қатысу;
  4. Ғарыштық технологияларда қолданылатын ғарыштық және басқа да салалардың кәсіпорындары мен нысандарында экологиялық және техникалық қауіпсіздік бойынша нормативті-құқықтық құжаттама дайындауға қатысу.