Орталықтың құрылымы

«Ионосфера институты» ЕЖШС  іс-әрекетінің нысаны күн-жердік физика және геодинамика аймағында iргелi, iздестiру және қолданбалы зерттеулерді: ионосфера және геомагниттi өріс, ғарыштық ауа райы, жер маңы ғарыштық кеңiстiгiнiң радиациялық мониторингісі, Қазақстан жер қыртысының жербеті-ғарыштық геодинамикалық және геофизикалық мониторингісі, пайдалы кен орындарын болжаудың, геодезияның және картографияның жүйесiн әзірлеуін жүргiзу болып табылады.

«Ионосфера институты» ЕЖШС құрылымына екi бөлiм кiредi: жербеті-ғарыштық, геодинамикалық және геофизикалық мониторинг бөлiмі және күн-жердік физика бөлiмі.

 

1.        ЖЕРБЕТІ-ҒАРЫШТЫҚ, ГЕОДИНАМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ  ГЕОФИЗИКАЛЫҚ МОНИТОРИНГ (ЖҒГГМ) БӨЛIМІ.

ЖҒГГМ бөлiмiнiң құрамына үш зертхана кiредi:

1) Геодинамика зертханасы

Зертханасы құрамында үш сектор:

- спутниктiк және жер бетi геодезия әдiстерiн әзiрлеу секторы

- GPS-өлшеулер мәлiметтері бойынша жер қыртысы кернеулі-деформацияланған күйін талдау және талқылау секторы

- картография және ГАЖ секторы.

2) Деформациялық үрдістерді зерттеу зертханасы

Зертхана құрамында екі сектор:

- САР интерферометрия әдісімен ғарыштық бейнесүреттерді дешифрлеу;

- КДК математикалық моделдеу және геодинамикалық үрдістер секторы.

3)  Литосфера-ионосфералық үрдістерді математикалық моделдеу зертханасы

Зертхана құрамында үш сектор:

- сейсмикалық белсенді аумақтар жер қыртысында үрдістерді моделдеу секторы;

- урбанизацияланған территорияларды моделдеу сектор;

- ионосфера-литосфералық байланыстарды зерттеу секторы.

 

2.             КҮН-ЖЕРДІК ФИЗИКА БӨЛІМІ (КЖФ)

Бөлім құрамына үш зертхана кіреді:

1)  Құрамына «Радиоастраномия» секторы кіретін Ионосфера физикасы зертханасы.

2) Геомагнитті байланыстар физикасы зертханасы.

Зертхана құрамына «Атмосферада стационарлық үрдістерді талдау» секторы кіреді.

3) Ғарыштық ауа райын диагностикалау және болжау зертханасы.

Зертхана құрамында екі сектор:

- геомагнитті өлшемдер секторы;

- ғарыш сәулелері және кешенді гелиофизикалық деректер базалары секторы.

 

Эксперименталдық база

«Ионосфера институты» ЕЖШС Европа және АҚШ обсерваторияларына келесі стратегиялық нысандарда қол жетімсіз, жер маңы ғарыштық кеңістігінде үдерістер және көріністерді қадағалауы мүмкіндігін қамсыздандырады.

- «Орбита» радиополигоны, теңіздің деңгейінен 2740 м биіктікте орналасқан, Күннің радиосәулеленуін екі жиілікте тіркеу үшін пайдаланылатын 12-метрлік ТНА-57 антеннасы бар.

 «Орбита» радиополигоны, 24 пункт кіретін (Швейцария, Бельгия, Финляндия, Ирландия, Чех Республикасы, АҚШ, Бразилия, Мексика, Коста-Рика, Перу, Оңтүстік Африка, Австралия, Оңтүстік Корея, Монғолия, Үндістан, Ресей,  Қазақстан), Цюрих Астрономия институтымен (Швейцария) ұйымдастырылған, Күнінің спектрографиялық қадағалауының e-CALLISTO халықаралық торабы құрамына кіргізілген, бұл жағдай Күннің (II, III, IV типінің) радиошалптарын бүкіл тәулік бойы тіркеуге және жарқылдаулық белсенділіктің геоэффективтігін болжау мүмкіндігін береді.

«Орбита» радиополигонында, спутникті сигнал қабылдағыштары және сәулеленудің және мезопаузаның ауданында молекулалық оттегінің және гидроксилдың жарық шығаруын тіркеу үшін аппаратурасы орналастырылған.

- Теңіздің деңгейнен 3340 м биіктікте орналасқан ғарыштық сәулелер станциялары дүниежүзілік торабында маңызды ғарыштық сәулелер стациясы бірі болып табылады.

Станцияның аппаратурасына NMDB нейтрондық мониторлары еуропалық базасына (www.nmdb.eu) кіретін, деректерді тіркеудің және шынайы уақытта берудің заманауи жүйесі бар, 18НМ64 нейтрондық супермониторы, жылулық энергия нейтрондарын тіркейтін детекторлар кешені және гамма-кванттарды тіркеу үшін қондырғысы кіреді. Биік таулы нейтрондық монитордың эксперименталді деректері деректердің дүниежүзілік орталықтарына барады: WDC-C2 Nagoya, Japan; WDC-A, Boulder, USA и WDC-B2, Мәскеу, Ресей.

- «Алма-Ата» геомагнитті обсерваториясы, Орталық Азияда INTERMAGNET халықаралық торабына бірден-бір кіреді.

Геомагнитті өріс бойынша деректер www.gsrg.nmh.ac.uk/intermagnet (Англия, Эдинбург) сайтында шығарылады.

2005 ж. 23 қарашасында INTERMAGNET геомагнитті станциялар халықаралық торабының Техникалық хатшылығымен берілген, INTERMAGNET-те толық құқылық мүшелігінің және «Алма-Ата» геомагнитті обсерваторияның өлшемдер сапасының сертификаты бар.

«Алма-Ата» обсерваториясының деректері WMM 2010 Геомагнитті Өрісінің Дүниежүзілік Моделі жасалғаны үшін пайдаланды,  обсерваторияны дүниежүзілік деңгейде қолдау үшін U.S. National Geospatial-Intelligence Agency (NGA) and the UK Ministry of Defence through the Defence Geographic Centre (DGC) алғысы бар.

«Алма-Ата» геомагнитті обсерваториясы 2010 жылдан бастап Dst-индекс нормаландыруы бойынша станциялар халықаралық торабына кіреді, Dcx  index server (University of Oulu, Finland) http://dcx.oulu.fi.

Ионосфералық обсерватория, екі заманауи ионозондтармен жасақталған.

Алматы қаласы маңында Сейсмология институтының және Ионосфера институтының Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясінің Алматы прогностиялық полигонында орналасқан 10 перманенттік дифференциалды базалық станциялардан тұратын, толассыз GNSS-қадағалаудың жергілікті торабы жасалған және істейді. Тығыз ғылыми ынтымақтастықтың нәтижесінде Алматы аймағының жер қыртысында жеке блоктарының кернеулі-деформацияланған күйінде өзгешеліктері және деформацияланудың үдерістері мен жер қыртысы құрылымы өзгешеліктерімен арада байланыстар айқындалды.

 

Іргелі және қолданбалы зерттеулер

Осы уақытта ЕЖШС «Ионосфера  институты» келесі жобаларды жүзеге асырады:

«Ғарыштық іс-әрекеттің аумағында қолданбалы ғылыми зерттеулер» 002 РББ бойынша 2 стратегиялық бағыттарда 5 жобалар орындалады.

- «Қазақстан жер қыртысы геодинамикалық және геофизикалық мониторингісі жербеті-ғарыштық жүйесін, сонымен бірге пайдалы кен орындарын болжау жүйесін жасау» бағыты:

1) «Математикалық моделдеуді және спутникті технологияларды пайдаланумен дағдарысты аумақтар жер қыртысының геомеханикалық күйіне баға беру әдістерін әзірлеу» жобасы

Жұмыстың нәтижелері геодинамикалық мониторингті жүргізу, Солтүстіктің Тянь-Шань және Жетысу Алатауы аймақтарында жер қыртысы кернеулі-деформацияланған күйін анықтау үшін пайдаланылады. GPS-деректерді пайдалану бойынша әзірленген әдістемелер жер маңы ғарыштық кеңістігінің және радиотолқындар таратылуы физикасының аумағында мамандарға пайдалану үшін, ғылыми-зерттеу жұмыстарды жүргізу кезінде ғылыми қызметкерлерге, магистранттарға және студенттерге ұсынылады.

2) «Индустриялық агломерациялар және биік ғимаратты құрылысы бар қалалар үшін «топырақ-ғимарат» жүйесінің кернеулі-деформацияланған күйін математикалық модельдеу және спутникті зерттеулер әдістерін әзірлеу» жобасы

Жұмыстың нәтижелері Астана және Алматы қалаларының шарттарында мониторингті жүргізу үшін тікелей пайдаланылады. Жұмыстың нәтижелері GPS-қадағалаулар үшін қолжетімді урбандалған аумақтарда қолданыла алады. Зор созылымды нысандардың айрықша жауапты телімдерін тексеру, гидроқұрылыстар, пайдалы кен орындарын барлау кезінде өз салмағынан кернеулі-деформацияланған күйдің параметрлері есебінің әдістері негізі ретінде қабылдана алады.

3) «Каспий маңы аумағында геодинамикалық үдерістер дамуын жербеті-ғарыштық мониторингтік қадағалаулар және көмірсутек шикізат орнын болжау технологияларын әзірлеу» жобасы

Жоба бойынша орындалған зерттеулер нәтижелері Каспий маңы аймақтың қазақстандық секторының, сейсмогенді және мұнайға перспективті өлшемдері болып табылатын, аумағын аудандастыруын және жер қыртысы энергиямен қанықтықтың және тығызсыздық аумақтарын белгілеуге мүмкіндік береді.

- «Ғарыштық ауа райы мониторингтің және болжамының қазақстандық көпдеңгейлі жүйесін жасау» бағыты:

4) «Жер маңы ғарыштық кеністігі диагностикасы мақсатпен магнитосфера, ионосфераның және ғарыштық сәуле вариациялардың құрылымы және динамикасының өзгешеліктерін зерттеу» жобасы

Жоба жер маңы ғарыштық кеңістігінің күйін жербеті және спутникті құралдармен мониторингісі, диагностикасына, спутникті және жербеті технологиялық жүйелердің бұзылып қалуына қарсы шараларды қабылдау үшін ғарыштық ауа райын болжау әдістемелерін дамыту және жетілдіруге бағытталған.

5) «Атмосферада динамикалық үдерістердің Жерде табиғи және антропогендік үдерістермен өзара байланысын зерттеу» жобасы

Жоба бойынша зерттеу нәтижелері атмосфера-литосфералық байланыстарды зерттеуге,  Қазақстанда пайдаланатын жер сілкіністері прогностиялық белгілерінің кешенін кеңейтуге, және жер сілкіністерінің қысқа мерзімді болжамын жақсартуға мүмкіндік береді.

«Ионосфера институты» ЕЖШС «Ғылыми зерттеулерді гранттік қаржыландыру» бағдарламасы бойынша «Елдің зияткерлік потенциалы» приоритеті бойынша «Табиғи ғылымдардың аумағында іргелі зерттеулер» астыңғы приоритеті бойынша 8 жобаларды орындайды, олардан 4 жобалар – 2012-2014 жылдардың, және 4 жаңа жобалар, олардың орындалу мерзімі 2013-2015 жылдары.

 

2012-2014 жылдардың жобалары

1) «Екінші мәрте сейсмикалы шартты үдерістері болжамының жербеті-ғарыштық әдістерінің ғылыми негіздері» жобасы Жерді дистанциялық зондтаудың және Қазақстанның сейсмикалы қауіпті зоналарында геодинамикалық және геофизикалық үдерістерінің жербеті-ғарыштық мониторингісі әдістерінің негізінде екінші мәрте сейсмикалы шартты үдерістердің (су тасқындары, лай тасқындары, қар көшкіндері, сырғымалары, опырмалары) болжамының ғылыми негіздерін жасауын мақсат еткен.

2) «Математикалық моделдерді әзірлеу және геодинамикалық көріністер белсенденуі кезінде литосфера-ионосфералық үдерістерді зерттеу» жобасы «литосфера-ионосфера» жүйесі математикалық моделдерін жасауын және ошақты зонада электр-механикалық, жылулық және басқа геодинамикалық үдерістердің ионосфералық қабат параметрлеріне әсер етуінің бағасын беруін мақсат еткен.

3) «Күн желінің плазмасы және Жердің магниттік өрісімен арасында шекаралық қабаттың – магнитопауза құрылымын және динамикасын зерттеу» жобасы магнитопауза құрылымы және динамикасына плазманың поляризациясының электр өрісі ықпалының қағидалы зерттеуін мақсат еткен.

4) «Тепе-тең емес атмосфераны зерттеу әдістерін дамыту» жобасы және диссипациялық тепе-тең емес атмосфераның пайда болуы және эволюциясын зерттеуге мүмкіндік беретін классикалық механиканы дамытуын мақсат еткен.

 

2013-2015 жылдардың жобалары

5) «Алматы прогностиялық полигон мысалында ғарыштық сәулелер мюондарымен генерацияланған акустикалық сигналдарының мониторингісі негізінде сейсмикалық белсенділік болжамын зерттеу әдістерін әзірлеу» жобасы

Жобаның шеңберінде Алматы сейсмикалы белсенді аймағы мысалында жер қыртысы күйін ғарыштық сәулеленумен диагностикасының негізінде күшті жер сілкінісі болжамы мақсатының шешімі үшін ғылыми-негізделген ұсыныстарды әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

6) «Стационарлық емес көріністердің орта ендік атмосфераға және ионосфераға әсерін зерттеу» жобасы найзағайлық белсенділігі, атмосфераның бейтарап және оқтаулы компоненталарының тасымалы және толқындық үдерістері кіретін, стационарлық емес геофизикалық көріністердің, орта ендік атмосфераның және ионосфераның құрылымы және динамикасына әсерін зерттеуге бағытталған.

7) «Галактикалық ғарыштық сәулелердің тығыздығын және векторлық анизотропиясын зерттеу» жобасы галактикалық ғарыштық сәулелердің тығыздығы және векторлық анизотропиясы тәртібінің заңдылығын, планетаралық орта параметрлерімен және табиғаты әр түрлі күн көздерімен олардың байланыстарын анықтауға бағытталған.

8) «Газ және плазма динамикасы кинетикалық сипаттамасын дамыту» жобасы сиретілген газдың және плазманың динамикасы сипаттамасына кинетикалық деңгейде жаңа тиімді жол табудың дамуына бағытталған.

 

«Ионосфера институты» ЕЖШС басшылығы:

Директор – Жантаев Жұмабек Шабденамұлы

- физика-математика ғылымдарының докторы, ҚР Ұлттық ғылым академиясының мүше-корреспонденті, Қазақстан ЖҒА академигі

Марапаттары:

- «Ерен еңбегі үшін» медалі

- «Құрмет» ордені

Директордың орынбасары - Жұмабаев Бейбіт Теңелұлы

ҒЗЖ бойынша директор орынбасары – Бибосынов Асылхан Жәнібекұлы

Жалпы мәселелер бойынша директор орынбасары Цурун Виктор Николайұлы,

Ғалыми хатшы –  физика-математикалық ғылымдар кандидаты Мұқашева Сәуле Нұрмуханбетқызы.

 

Байланысу мәліметтері:              

Пошталық мекен-жай: 050020, Алматы қаласы,  Каменское үстірті, Ионосфера институты.

Телефондар: +(727) 380 30 54 (қабылдау бөлмесі),

+(727) 380 30 53 (факс).

e-mail: admion1@mail.ru

http://89.250.81.117/GeoPhysicsNet/index.htm

http://geomag.ionos.kz

tien-shan.org