Орталықтың құрылымы

«Ғарыштық техника және технологиялар институты» еншілес жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі - «Ғарыштық техника және технологиялар институты» ЕЖШС) Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агентігінің  2009 жылғы 17 тамыздағы №65/ОД бұйрығы бойынша құрылды.

«Ғарыштық техника және технологиялар институты» ЕЖШС 2009 жылғы 23 желтоқсанда тіркеуден өтті. «Ғарыштық техника және технологиялар институты» ЕЖШС-нің бірден-бір құрылтайшысы - «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» акционерлік қоғамы болып табылады.

Зерттеудің (қызметтің) негізгі бағыттары

«Ғарыштық техника және технологиялар институты» ЕЖШС-нің қызметінің негізгі бағыттары: ғарыштық техника және технологиялар жасау бойынша ғылыми - технологиялық қамтамасыз ету саласында іргелі, іздестіру және қолданбалы зерттеулер жүргізу; Институт қызметтерінің бағытына жататын математикалық, алгоритмдік және бағдарламалық қамтамасыз ету, техникалық, бағдарламалық -   техникалық және ақпараттық – технологиялық, геоақпараттық жүйе әзірлеу және жүзеге асыру бойынша тәжірибелік – конструкторлық жұмыстар  жүргізу; ғарыштық кешендерді және олардың бөлшектерін басқару және моделдеу жүйесін, жоғары дәлдікті серіктік навигация жүйесінің қосалқы  жүйесін, ақпараттық жүйені және радиобайланыс жүйесін пайдалану және монтаждау, іске қосып реттейтін жұмыстарды жүргізу; ғарыштық техника және оның құрамдас бөліктерінің ғарыш қызметі саласындағы техникалық регламент пен стандарттарда көрсетілген талаптарға сәйкестігін бағалау мен сынау; техникалық регламенттер мен стандарттар әзірлеу, жобалық – конструкторлық, зерттеу жұмыстарын нормативтік, әдістемелік, метрологиялық қамтамасыз ету болып табылады.

 «Ғарыштық техника және технологиялар институты» ЕЖШС-нің 2012-2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарына сәйкес Институтты дамытудың төмендегідей негізгі бағыттары анықталды:

- ғарыш инфрақұрылымы мен ғарыш аппараттарының қосалқы жүйелері мен жабдықтарын, құралдарын жасау және жобалау, моделдеу міндеттерін шешу үшін имитациялық моделдеу технологиясын пайдалану;  

- ғарыш аппаратының ғылыми құралдарын жасау  және ғылыми құралдардан эксперименттік деректерді өңдеу бойынша бағдарламалық – әдістемелік қамтамасыз етуін әзірлеу;

- Қазақстанның экономика саласындағы мәселелер мен міндеттерді шешу үшін серіктік навигациялық технологиялар мен төменгі орбиталық ғарыштық байланыс жүйесін енгізу;

- ғарыш саласында техникалық реттеу үдерісін ғылыми - әдістемелік қамтамасыз ету.

«Ғарыштық техника және технологиялар институты» ЕЖШС құрылымы:

«Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» акционерлік қоғамының «Ғарыштық техника және технологиялар институты» ЕЖШС –нің құрылымына алты зертхана кіреді:

1.  Ғылыми бағыттағы ғарыш жүйесі зертханасы (зертхана меңгерушісі – тех.ғыл.канд., доцент Александр Сергеевич Инчин).

Зерттеу бағыты -  ғылыми бағыттағы ғарыш жүйесі (ҒБҒЖ) ақпаратын өңдеу технологиясы және ғылыми – әдістемелік қамтамасыз ету: ғылыми бағыттағы ғарыш аппаратына (ҒА) арналған ғылыми және қолданбалы міндеттер қалыптастыру, Жердің электрмагниттік өрісі параметрлерін, ионосфералық плазманы, радиация ағындары мен ғарыш сәулелерін ҒА –ға тіркеу үшін ғылыми борттық аппаратурасына талаптар белгілеу, ҒА ғылыми борттық аппаратурасының сандық моделі мен эксперименттік үлгісін жасау, түрлі жер бетіндегі және ғарыштық дерекнамалардан, оның ішінде Қазақстан үшін маңызды болып табылатын жер сілкіністерінен (территорияның едәуір бөлігі сейсмикалық қауіпті аймақта орналасқан) ионосфералық әсерлерді анықтау үшін ғылыми бағыттағы ҒА ақпараттарын өңдеу  мен талдау әдістері мен алгоритмдерін әзірлеу.

2.  Ғарыш жүйесін имитациялық моделдеу зертханасы (зертхана меңгерушісі - Сулеймен Актлеуович Елубаев).

Зерттеу бағыты –  әртүрлі бағыттағы ҒА басқару жүйесін имитациялық моделдеу және бағдарламалық – математикалық қамтамасыз етуін, жер маңайындағы орбитада ғарыш аппаратын бағдарлау әдісін, ғарыш аппараттарының имитациялық моделдерін және математикалық қамтамасыз етуін  әзірлеу, ғарыштық техника және технологиялардың эксперименттік және тәжірибелік үлгілерін жасау.

3. Серіктік навигациялық технологиялар зертханасы (зертхана меңгерушісі –тех.ғыл.канд. Евгений Алексеевич Шабельников).

Зерттеу бағыты – әртүрлі қосымшаға арналған жоғары дәлдікті серіктік навигация жүйесінің  бағдарламалық - математикалық және техникалық қамтамасыз етуін әзірлеу, дифференциалды коррекция жүйесінің техникалық қамтамасыз етуін жасау, әртүрлі салалық міндеттер үшін бағдарламалық - техникалық навигациялық кешендер әзірлеу.

4.  Ғарыш қызметін жүйелі зерттеу зертханасы (зертхана меңгерушісі - Денис Иванович Ерёмин).

Зерттеу бағыты – Қазақстан Республикасындағы ғарыштық техниканың дамуын болжамдау және кешендік талдау бойынша ғылыми-әдістемелік және бағдарламалық қамтамасыз етуін әзірлеу, ұтқыр ғарыш байланысы және серіктік навигация негізінде деректерді тасымалдаудың бірыңғайланған жүйесінің ғылыми-әдістемелік және бағдарламалық қамтамасыз етуін әзірлеу, конструкторлық - жобалау қызметі, математикалық, алгоритмдік және бағдарламалық қамтамасыз ету,  бағдарламалық -   техникалық, технологиялық және ақпараттық жүйе  әзірлеу және жүзеге асыру бойынша тәжірибелік – конструкторлық жұмыстар  жүргізу.

5.  Ғарыш қызметі саласындағы техникалық реттеу зертханасы (зертхана меңгерушісі – тех.ғыл.канд., доцент Есмағамбет Есмағзамұлы Исмаил).

Зерттеу бағыты –  Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін техникалық реттеу бойынша ғылыми-әдістемелік және жүйелік негіздерін әзірлеу, ғарыш қызметі саласында техникалық регламенттер әзірлемелерін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету, ғарыш қызметі саласында техникалық реттеу (сәйкестікті  растау және бағалау) ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуін әзірлеу.

6.  Перспективалық әзірлемелер зертханасы (зертхана меңгерушісі - Нурлан Махсотович Сатеров).

Зерттеу бағыты – математикалық, алгоритмдік және бағдарламалық қамтамасыз ету,  бағдарламалық -   техникалық, технологиялық және ақпараттық жүйелерін әзірлеу және жүзеге асыру бойынша тәжірибелік – конструкторлық жұмыстар  жүргізу, ақпараттық жүйені және радиобайланыс жүйесін, жоғары дәлдікті серіктік навигация жүйесінің қосалқы  жүйесін пайдалану және монтаждау, іске қосып реттейтін жұмыстар жүргізу.

«Ғарыштық техника және технологиялар институты» ЕЖШС кадрлар құрамы:

Барлығы – 90 адам, оның ішінде 41 ғылыми қызметкер (оның 2-уі доктор (оның 1-уі ҚР ҰҒА академигі), 9 – ғылыми кандидат, 1- PhD докторы), 15 магистр (оның 7-уі қазір оқып жүрген магистр), 22 инженерлік – техникалық қызметкерлер.

Институттың іргелі және қолданбалы зерттеулері

I. 2008 жылы:

2008 жылы 002 «Ғарыш қызметі саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер» Республикалық бюджеттік бағдарлама шеңберінде 3 жоба іске асырылды:

- «Ғылыми бағыттағы ғарыш жүйесі (ҒБҒЖ) ақпараттарын өңдеу технологиясы және ғылыми – әдістемелік қамтамасыз етуін әзірлеу»;

- «Қазақстан Республикасында ғарыштық техниканы дамыту бойынша ғылыми жүйелі зерттеулер жүргізу»;

- «Ғарыш қызметі саласындағы техникалық реттеу мәселелері бойынша нормативтік актілер қорын құру, техникалық регламент және стандарттар әзірлеу. Ғарыштық техника нысандарының сәйкестігін растау үшін схема және нормативтік – әдістемелік  қамтамасыз етуін әзірлеу».

II. 2009-2011 жылдары:

1)  002 «Ғарыш қызметі саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер» Республикалық бюджеттік бағдарлама шеңберінде 5 жоба іске асырылды:

- «Жоғары дәлдікті серіктік навигациялық жүйенің жерүсті және пайдаланушылық  сегментіне бағдарламалық- математикалық қамтамасыз ету әзірлеу»;

- «ҒА басқару жүйесінің имитациялық моделін және бағдарламалық – математикалық қамтамасыз етуін әзірлеу және оларды ғарыш жүйесін имитациялық моделдеу жүйесіне интеграциялау»;

- «Ғылыми бағыттағы ғарыш жүйесі ақпараттарын өңдеу технологиясы мен ғылыми – әдістемелік қамтамасыз етуін әзірлеу»;

- «Қазақстан Республикасындағы ғарыш техникасының (ҒТ) дамуын болжамдау және кешендік талдаудың ғылыми – әдістемелік және бағдарламалық қамтамасыз етуін әзірлеу»;

- «Ғарыш қызметі саласындағы техникалық реттеу жүйесін ғылыми- әдістемелік қамтамасыз етуін әзірлеу».

2) «Қашық және жақын ғарыштағы нысандар мен жүйелерді зерттеу, Жерді ғарыштан зерттеу, ғарыштық технологиялардың ғылыми негіздерін дамыту» іргелі зерттеу бағдарламасы шеңберінде «Ғарыштық технологиялар мен материалдардың теориялық негіздерін дамыту» бағыты бойынша келесі ғылыми-зерттеу жұмысы (ҒЗЖ) орындалды:

-  «Серіктік навигациялық жүйе сигналдарын пайдалана отырып, ғарыш аппараттарының орналасуын жоғары дәлдікпен анықтау әдісін әзірлеу» ҒЗЖ.

III.  2012 жылдан бастап:

1) 002 «Ғарыш қызметі саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер» Республикалық бюджеттік бағдарлама шеңберінде 6 жоба орындалып  жатыр:

-  «Ұтқыр ғарыш байланысы және серіктік навигация негізінде деректерді тасымалдаудың бірыңғайланған жүйесінің  ғылыми-әдістемелік және бағдарламалық қамтамасыз етуін әзірлеу»;

- «Ғылыми-технологиялық  ғарыш аппаратының мақсатты жабдығын құру, сынау және пайдалану бойынша технологиялық және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуін әзірлеу»;

- «Спутниктік навигациялық технологиялар мен лазерлік қашықтықты өлшегішті қолдана отырып,  3D  ірі көлемдегі моделдерді құру  әдісі мен технологиясын жасау».

- «Микросеріктің қозғалысын басқару мен навигация жүйесінің математикалық қамтамасыз етуі мен имитациялық моделін әзірлеу»;

- Ғарыш аппараттарына арналған жұлдыз датчигіне математикалық қамтамасыз етуі мен имитациялық моделін әзірлеу»;

- Ғарыш қызметі саласындағы техникалық реттеу (бағалау және сәйкестікті растау) үдерістеріне  ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуін әзірлеу».

2) Қазақстан Республикасы  Білім және ғылым  министрлігі Ғылым комитетінің тапсырмасы бойынша 055 «Ғылыми және (немесе) ғылыми – техникалық қызмет» бюджеттік бағдарламасы бойынша 2 ғылыми – зерттеу жұмыстары орындалып жатыр:

- «Энергетика» басымдығы бойынша:

«Деректерді серіктік тасымалдау жүйесіне арналған қуатпен қамтудың дербес жүйе бөліктерін әзірлеу» тақырыбы бойынша;

- «Ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар» басымдығы бойынша:

«Серіктік навигация құралдары арқылы нысандарының жоғары дәлдікті кеңістіктік бағдарлау тапсырмаларын шешуге  бағдарламалық – математикалық қамтамасыз етуін әзірлеу» тақырыбы бойынша:

3)  «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» акционерлік қоғамының тәжірибелік – конструкторлық жұмыстарды және (немесе) қолданбалы сипаттағы тәуекелдік зерттеулер бойынша «Қауіпті жүктерді тасымалдауының серіктік бақылау жүйесін әзірлеу» жобасы бойынша инновациялық грант (орындау мерзімі: 2012 жылдың ақпаны  - 2014 жылдың қаңтары)

 

2010-2012 ж. орындалған шаруашылық келісімшарттардың жобалары:

1.  Бір жиілікті навигациялық қабылдағыштарды қолдана отырып, нысандардың орналасуын  жоғары дәлдікпен анықтау әдісін жасау жөніндегі Келісімшарт, тапсырыс беруші – «Ғарыштық зерттеулер институты» ЕЖШС.

2.  020 «2012 жылға дейінгі ТМД елдері-қатысушыларының Мемлекетаралық радионавигациялық бағдарламасы» бағдарламасы бойынша радионавигациялық ақпаратты Қазақстан Республикасындағы әртүрлі топтағы тұтынушылардың мүддесіне пайдалануды айқындайтын тұжырымдама әзірлеу бойынша іс-шараларды орындау жөніндегі Келісімшарт,  тапсырыс беруші – «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» АҚ («ҰҒЗТО» АҚ).

3.   Ғарыш аппаратының орталық масса қозғалысын имитациялық моделдеу жүйесінің бағдарламасын жеткізу туралы Келісімшарт,  тапсырыс беруші – «Алматы энергетика және байланыс университеті» коммерциялық емес АҚ.

4.  11 (он бір) дана навигациялық кешендер дайындау және жасау жөніндегі Келісімшарт, тапсырыс беруші – «Гранит» арнайы конструкторлық – технологиялық бюро» ЖШС

5.  «Ғылыми- технологиялық  бағыттағы ғарыш жүйесін жасау» жобасының техника- экономикалық негіздемесін, атап айтқанда, ғылыми блок  жасаумен байланысты зерттеулер жүргізу бойынша қызметтер көрсету жөніндегі Келісімшарт, тапсырыс беруші – «ҰҒЗТО» АҚ.

6.  Қызылорда облысы, Арал ауданы «Бердікөл – Арал учаскесінде Арал – Сарыбұлақ топтық су құбырын қалпына келтіру» РК (А учаскесі 433+45  ПК –ден 601+03 ПК-ге дейін және Б учаскесі  722+03 ПК –ден  1127+44 ПК-ге дейін)  су есептеу бекеттерінен (деректерді тасымалдау қосалқы жүйесі) ОДБ – не деректерді тасымалдау аппаратураларын жобалау бойынша жұмыстарды орындау жөніндегі Келісімшарт, тапсырыс беруші - «Су-метр-компьютеризация» ЖШС.

7.  «Қазақстан Республикасында дәлдігі жоғары серіктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы шеңберінде «Дифференциалды станция және арнайы бағдарламалық қамтамасыз ету әзірлеу» тәжірибелік – конструкторлық жұмыстарды орындау жөніндегі Келісімшарт, тапсырыс беруші – «ҰҒЗТО» АҚ, «Қазақстан Ғарыш Сапары» Ұлттық компания» АҚ.

8.  020 «2012 жылға дейінгі ТМД елдері-қатысушыларының Мемлекетаралық радионавигациялық бағдарламасы» бағдарламасы бойынша радионавигациялық ақпаратты Қазақстан Республикасындағы әртүрлі топтағы тұтынушылардың мүддесіне пайдалануды айқындайтын тұжырымдама әзірлеу бойынша іс-шараларды орындау жөніндегі Келісімшарт,  тапсырыс беруші –«ҰҒЗТО» АҚ.

9.  Ашық тау-кен жұмыстарын диспетчерлеу жүйесінің жылжымалы нысандар мониторингі борттық кешенінің эксперименттік үлгісін жасау жөніндегі Келісімшарт, тапсырыс беруші – ҚР ИА «Жаңа технологиялар институты» ЖШС.

10.      Графикалық процессорлар негізінде кластерлік гибридтік есептеу жүйесінің эскперименттік үлгісін жасау бойынша Келісімшарт, тапсырыс беруші -  «ҚР Ұлттық инженерлік академия» РҚҚ.

11.      Графикалық процессорлар негізінде FullTower форм-фактордағы дербес  гибридтік есептеу жүйесінің тәжірибелік үлгісін жасау бойынша Келісімшарт, тапсырыс беруші-  «ҚР Ұлттық инженерлік академиясы» РҚҚ

12.      Графикалық процессорлар негізінде FullTower форм-фактордағы дербес  гибридтік есептеу жүйесінің тәжірибелік - өнеркәсіптік үлгісін жасау бойынша Келісімшарт, тапсырыс беруші-  «ҚР Ұлттық инженерлік академиясы» РҚҚ.

13.      «Күн датчигінің түптұлғасы» зертханалық стендісін жасау және орнату жөніндегі Келісімшарт, тапсырыс беруші – «Алматы энергетика және байланыс университеті» коммерциялық емес АҚ.

14.      «Бір білікті микросеріктік бағдарлау жүйесі» зертханалық стендісін жасау және орнату жөніндегі келісімшарт, тапсырыс беруші – «Алматы энергетика және байланыс университеті » коммерциялық емес АҚ.

15.      «Взлёт-Казахстан»  Өндірістік фирма» ЖШС- нен деректерді жинау және тасымалдау терминалдарын жеткізу жөніндегі Келісімшарт.

16.      Жұлдыз датчигінің оптикалық басының негізгі параметрлерін есептеу бағдарламалық жүйесін жеткізу жөніндегі Келісімшарт, тапсырыс беруші – «Алматы энергетика және байланыс университеті» коммерциялық емес АҚ

17.      Ғарыш аппаратының тұрақтануы мен бағдарлауын имитациялық модельдеу бағдарламалық жүйесін жеткізу жөніндегі Келісімшарт,  тапсырыс беруші – «Алматы энергетика және байланыс университеті» коммерциялық емес АҚ.

 

 2013 жылы орындалып жатқан шаруашылық келісімшарттары:

1.   50 дифференциалды станция дайындау жөніндегі жұмыстарды сатып алу жөніндегі мердігерлік Шарт, тапсырыс беруші – «ҰҒЗТО» АҚ, «Қазақстан ғарыш сапары» Ұлттық компания» АҚ.

2.  13 дана навигациялық кешендер мен 2 дана навигациялық кешендердің модернизациясын жасау бойынша Шарт, тапсырыс беруші – «Гранит» арнайы конструкторлық – технологиялық бюро» ЖШС.

3.  Деректерді жинау және тасымалдау терминалын жеткізу жөніндегі Шарт, тапсырыс беруші - «Взлёт-Казахстан»  Өндірістік фирма» ЖШС.

4.  ҚТ бойынша жылжымалы нысандар мониторингі борттық кешенінің эксперименттік үлгісін және техникалық жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыстарды орындауға  Шарт, тапсырыс беруші – ҚР ИА «Жаңа технологиялар институты» ЖШС.

5.  Графикалық процессорлар негізінде параллельді есептеуді орындауға арналған  бағдарламалық – техникалық кешендерді БТКПЕ ретке келтіру және жинақтау бойынша жұмыстарды орындауға Шарт, тапсырыс беруші – «Академик Ө.М. Сұлтанғазин атындағы ғарыштық зерттеулер институты» ЕЖШС.

6.  Графикалық процессорлар негізінде есептегіш blade-модулімен дербес гибридтік есептеу жүйесінің тәжірибелік үлгісін жасауға техникалық жұмыс құжаттамаларын әзірлеу бойынша жұмыстарды орындауға Шарт, тапсырыс беруші - «ҚР Ұлттық инженерлік академиясы» РҚҚ

7.  Графикалық процессорлар негізінде кластерлік гибридтік есептеу жүйесінің тәжірибелік үлгісін жасауға техникалық жұмыс құжаттамаларын әзірлеу бойынша жұмыстарды орындауға Шарт, тапсырыс беруші - «ҚР Ұлттық инженерлік академиясы» РҚҚ

8.  Графикалық процессорлар негізінде есептегіш blade-модулімен дербес гибридтік есептеу жүйесінің тәжірибелік үлгісін жасауға  конструкторлық – технологиялық  құжаттамаларын әзірлеу бойынша жұмыстарды орындауға Шарт, тапсырыс беруші - «ҚР Ұлттық инженерлік академиясы» РҚҚ.

 

Ғарыштық техниканың эксперименттік үлгілері жасалды:

Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің 2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарының мақсатты индикаторларына сәйкес келесі ғарыштық техниканың эксперименттік үлгілері әзірленді:

- ірі көлемдегі жерүсті нысандарының 3D моделін жасау бағдарламалық-техникалық кешені инерциялық қосалқы жүйесінің эксперименттік үлгісі;

- микросеріктің қозғалысын басқару және навигация жүйесінің бағдарлау датчиктерінің деректерін тазалауға бағдарламалық – математикалық қамтамасыз ету;

- жылуды, ыстық және суық суды тұтынудың есебін жүргізу бойынша шығын есептегіштен деректерді  жинау және тасымалдауға арналған «Взлёт-Казахстан»  Өндірістік фирма» ЖШС-не орнатылған Orbcomm ұтқыр ғарыштық байланыс және серіктік навигация негізінде деректерді тасымалдаудың бірыңғайланған жүйесі.

 

Алынған патенттер:

1.  Молдабеков М.М., Ахмедов Д.Ш., Шабельников Е.А. Дифференциалды коррекцияның бір жиілікті ұтқыр қабылдағышы. / Патент № 860 ҚР. өтініш берілген күн: 05.07.2011, жарияланған күн: 14.09.2012.

2.  Молдабеков М.М., Ахмедов Д.Ш., Шабельников Е.А. Дифференциалды коррекциясының жергілікті жүйесі. / Патент № 837 ҚР. өтініш берілген күн: 12.07.2011, жарияланған күн: 15.08.2012, бюл. 8.

 

Зияткерлік меншік құқығына алынған авторлық куәліктер:

А.с. №1584 ҚР. ВС 0005711. Орбитада спутниктің қозғалысын моделдеу бағдарламасы (ТРАССА-ОМИР) (ЭЕМ-нің бағдарламасы) / А.С.Инчин, Ю.Р.Шпади, А.Ю.Лозбин, М.Ю. Шпади (РК). – өтініш:10.10.2010ж; жариял. 20.10.2010ж

1.  А.с. №1583 ҚР. ВС 0005710. Сигналдарды өңдеу бағдарламалық жүйесі (СОС-ОМИР) (ЭЕМ-нің бағдарламасы) / А.С.Инчин, Ю.Р.Шпади, А.Ю.Лозбин, М.Ю. Шпади (РК). – өтініш: 10.10.2010ж; жариял. 20.10.2010ж.

2.  А.с. №1585 ҚР. ВС 0005712. “DeSS” спектрограмма құрылымына арналған бағдарлама  ((ЭЕМ-нің бағдарламасы) / А.С.Инчин, Ю.Р.Шпади, А.Ю.Лозбин, М.Ю. Шпади (РК). –өтініш: 10.10.2010ж.; жариял. 20.10.2010ж.

 

Сертификаттар:

1.  2011жылғы 20 желтоқсандағы  сериясы МК № 002133 аккредитация туралы куәлік алынды: «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23 - бабына сәйкес «ҒТТИ» ЕЖШС ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде аккредиттелген.

2.  Сапа менеджмент жүйесін  ғарыштық техника және технология саласында ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық және өндірістік-шаруашылық қызметтерін іске асыруға қолданатындығын куәландыратын сәйкестік сертификаты алынды және оның ҚР экономикасы салаларында қолданылуы «Сапа менеджмент жүйесі. Талаптар»  СТ РК ИСО 9001-2009 ( стандарттың 7.3-тармағын қоспағанда)   талаптарына сәйкестендірілген. Сертификат 10.05.2012ж. №  №KZ.7500947.07.03.00080 берілді.

 

 «Ғарыштық техника және технологиялар институты» ЕЖШС басшылығы:

  • Директор – техн. ғыл. докторы Ахмедов Даулет Шафигуллович
  • Ғылыми жұмыстар жөніндегі директордың орынбасары – техн.ғыл.канд.  Инчин Александр Сергеевич
  • Өндіріс жөніндегі директордың орынбасары - Сатеров Нурлан Махсотович.
  • Ғылыми хатшы – физ.-мат.ғыл. канд. Алиева Бахыткуль Куттымуратовна