Зерттеулер бағыттары

· Дифференциалды коррекция және тұтынушылардың навигациялық аппаратурасы жүйелері үшін аппаратура және бағдарламалық қамтамасыз етуді құру бойынша ғылыми-зерттеу және конструкторлық-сынақ жұмыстар жүргізу.

· Спутниктік навигациялық технологиялар мен лазерлі дальнометрияны пайдаланып ірі масштабтағы 3D-модельдеу жүйесін нысанды-бағдарлы модельдеу және  бағдарламалық-техникалық камтамасыз етуді әзірлеу.

· Борттық өлшеулер және мақсатты ғылыми ақпараттар жинақтауды жүргізу үшін ғылыми жабдықтар кешенінің инженерлік моделін әзірлеу және олардың жұмыс істеуін бағдарламалық қамтамасыз ету.

· ҚР ғарыш техикасы дамуының кешенді талдауы және болжауы міндеттерін шешуді ғылыми-әдістемелік және бағдарламалық қамтамасыз етуді дайындау.

· Ғарыштық аппараттар мен кіші жүйелерді бағдарламалық-математикалық қамтамасыз ету және имитациялық модельдерін құру

· Аспаптар, аппаратуралар, тораптар және микроспутниктердің кіші жүйелерінің экспериментті үлгілерін әзірлеу.

· Техникалық реттеу міндеттерін шешуді ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету және нормативті-техникалық базасын құру.

· Ғарыштық техниканы әзірлеу, жобалау, құру, пайдалану, оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету, бағалау және сәйкестігін растау талаптарын регламенттеу.