Жаңалықтар

14 наурыз 2017

 

Халықаралық ғылыми ынтымақтастық

 

Қазақстандық астрофизиктер Калифорния Университетімен (АҚШ) ынтымақтастықты дамытуды жоспарлап отыр

 

 

 

 

 

 

 

 

Калифорния университеті, Беркли

Тянь-Шань  астрономиялық обсерваториясы

Наурыздың алғашқы күндері Калифорния Университеті Berkeley Space Sciences Laboratory зертханасының жетекші ғылыми қызметкері доктор Брюс Гроссан (Bruce Grossan), (АҚШ, https://www.unipage.net/ru/university_of_california_berkeley), Нобель сыйлығының лауреаты, профессор  Джордж Смут тобы (http://aether.lbl.gov/) Қазақстанға сапармен келді.

Сапар барысында қонақ «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» АҚ В.Г. Фесенков атындағы астрофизикалық институтында, Тянь-Шань астрофизикалық обсерваториясында, Ассы-Түрген обсерваториясында болды. Қазақстандық астрофизиктермен  ғылыми-техникалық ынтымақтастық мәселелері, сондай-ақ заманауи астрономиялық ғылымның негізгі проблемаларын зерттеумен шұғылданатын қазақстандық жас ғалымдарды халықаралық жоба топтарына тарту мүмкіндіктері талқыланды.

Талқылау барысында қазақстандық ғалымдар жобаларында қазіргі заманғы инженерлік-техникалық әлеуетті қалыптастырудың өзектілігіне баса назар аударылды. Бүгін астрофизикалық зерттеулер аса күрделі процестік тетіктер мен тірекуші аспапатар көмегімен жүргізіледі, және бұл технологиялық жүйелер білікті ғылыми-техникалық қолдаумен қамтамасыз етілуі тиіс.

Қазақстандық ғылымның өте маңызды стратегиялық міндеттерінің бірі – заманауи ғылыми біліммен қаруланған, әлемдік ғылыми қауымдастыққа еркін бейімделген және халықаралық ғылыми жобалардағы бірлескен жұмыстарға дайын ғалымдардың жас буынын дайындау және тәрбиелеп шығару.

Қазіргі уақытта, әлемнің озат ғылыми орталықтарымен және еліміздің жетекші университеттерімен ынтымақтастықтың арқасында, қазақстандық астрфизиктердің мүмкіндіктері арта түсуде.

Осы салады Назарбаев Университетінің NURIS зертханасы (Астана) үлкен қолдау көрсетіп отыр, аталған зертханамен  Berkeley Space Sciences Laboratory ынтымақтастығы жемісті дамып келеді.

 

«ҰҒЗТО» АҚ