Жаңалықтар

18 наурыз 2017

 

Мерейтойыңызбен!


 

Физика-математика ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА мүше-крреспонденті, әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Ионосфера институты» ЕЖШС директоры, «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» АҚ тұңғыш президенті және ғылыми жетекшісі Жұмабек Шабденалыұлы Жантаев 2017 жылғы 21 наурызда 70 жасқа толады.

* * *

 

Жантаев Жұмабек Шабденалыұлы Алматы облысы Іле ауданының Шилікемер ауылында       1947 жылғы 21 наурызда дүниеге келді.

Физика-математика ғылымдарының докторы. Қазақ политехника институтының геофизика факультетін бітірген (1970ж.) тау-кен инженер-геофизигі.

Қазақ КСР-і Ғылым академиясы Математика және механика институтының кіші ғылыми қызметкерінен акционерлік қоғамның президентіне дейін үлкен еңбек  жолын басып өтті. Сейсмологиялық партияның бастығы, одан соң Сейсмологиялық сынақ-эксперименттік экспедицияның автоматтандыру партиясының бас инженері (1984-1989жж.) «Қазселденқорғау» ӨБ  директорының орынбасары, ғылыми-өндірістік кешен зертханасының меңгерушісі (1990-1993жж.) жұмыстарын атқарды, 1994 жылдан бастап «Қазселденқорғау» ӨБ ҒӨК директоры болып жұмыс істеді.

1996 жылдан – Қазақстан Республикасы Экономика министрлігінің бөлім бастығы, одан соң Қазақстан Республикасы Ғылым министрлігінің басқарма бастығы, департамен директорының орынбасары                  (1998 ж.). БҰҰДБ ұлттық сарапшылар тобының менеджері(1999ж.) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің бас маманды(2002ж.). 2002 жылдан бастап ғылыми жұмыстарға қайта оралды. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ионосфера институты» еншілес мемлекеттік кәсіпорны директорының орынбасары (2002-2004жж).              2004 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің «Астрофизикалық зерттеулер орталығы» РМК бас директорлығына тағайындалды, ол 2008 жылдан бастап «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» АҚ болып қайта құрылды.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық кеңестің, «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ директорлар кеңесінің, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі ғылыми-техникалық кеңесінің мүшесі. Ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлықтар беру жөніндегі комиссияның, Төтенше жағдайлар жөніндегі ведомствоаралық комиссияның  

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ ғылыми-техникалық кеңесінің мүшесі.

 «Ерен еңбегі үшін» медалімен (2006 ж.),  Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің Алғыс хатымен, Алматы қаласы Әкімінің

Құрмет грамотасымен (2007ж.), Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Грамотасымен және белгісімен марапатталған

 «Курмет» орденінің кавалері (2011 ж.).

әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты (2015 ж.)

Жүзден аса ғылыми еңбектері жарияланған. «Ғарыш ауа райы факторларының адам денсаулығына және биосфераға әсерінің кейбір мәселелері» кітабінің авторы (2003ж.).

Үйленге, қыз тәрбиелеп отыр.

«Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» АҚ әріптестері мен қызметкерлері Жұмабек Шәбденалыұлын 70 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтайды және оған мықты денсаулық, амандық тілейді, сонымен бірге Ұлы Мәртебелі –Ғылым  жолында шығармашылық табыстар мен жемісті еңбек ете беруіне тілектестік білдіреді!!!