Жаңалықтар

24 наурыз 2017

 

Қазақстанда найзағай белсенділігін тіркеу желісі әзірленуде

 

https://kazcosmos.gov.kz/kk/news/kazakstanda-nayzagay-belsendiligin-tirkeu-zhelisi-zirlenude

 18.03.2017

Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш министрлігі Аэроғарыш комитетінің «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» АҚ-тың Ғарыштық техника және технологиялар институты атмосфера-литосфералық байланыстарды зерттеуге арналған найзағай пеленгілеу жүйесін әзірлеуде. Аталған жүйе Қазақстанның оңтүстік-шығысында орналасқан, автоматты режимдегі электрмагниттік ұйытқуларды тіркеуге арналған 8 станция желісінен тұрады.

Бұл жүйе станциялары бір-бірінен 100-200 шақырым қашықтықта орналасқан, станция жабдықтары электрмагниттік ұйытқуларды тіркеуге арналған магниттік және электрлік антенналардан тұрады, Ғарыштық техника және технологиялар институтының орталық серверіне ұялы байланыс арқылы тіркелген найзағай туралы ақпаратты тасымалдау үшін контроллер мен GPS-антеннадан тұрады.

Жүйе жұмыстарының нәтижелері найзағайдың әрбір разряды, оның 1 000 шақырымға дейінгі қашықтықтағы шеңберде болған жері мен уақыты туралы ақпарат болып табылады.

Бұл ақпараттарды пайдаланушылар метеорологиялық қызметтер, төтенше жағдайға жауапты қызметтер, құрылыс, көлік компаниялары, азаматтық авиация, электр желілерінің операторлары, мұнай-газ өндіретін және геологиялық барлау кәсіпорындары, ғылыми-зерттеу институттары болып табылады.

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, қоршаған ортаның жағдайы мен өзгеруі туралы расталған ақпарат түрлі табиғи факторлардың әсерінен, оның ішінде 30% төмен найзағай құбылысынан болған шығындарды азайтуға көмектеседі. Үлкен компаниялардың тәуекел-менеджментінде ауа-райы құбылыстарын тіркеу – едәуір экономикалық әсер алуға мүмкіндік туғызады.

Найзағай разрядтары ұшақ, зымыран, кемелер, автокөліктер, электр қабылдау желілері (ЭҚЖ), құбыр желілері және т.б. техникалық құралдар үшін қауіп төндіреді.

АҚШ-тың Ұлттық найзағай қауіпсіздігі институтының деректері бойынша осы елдің азаматтық секторы найзағай зақымынан жыл сайын АҚШ-тың 4-5 млрд. долларға, оның ішінде: $ 150-200 млн. орман өрттерінен, $ 2 млрд. жуық авиарейстерді кейінге қалдыру және оларды басқа әуежайларға ауыстыру, $ 1 млрд.электрэнергиясын өшіру (найзағайдан 50 % ЭҚЖ өшіру), 125 млн. компьютерлік желілердің және т.б. бұзылуынан шығын шығып отырады.

Найзағай пеленгілеу желілерінің деректерін көптеген салаларда іс жүзінде қолдануға болады.

Мәселен, «Қазгидромет» РМК үшін – бұл найзағай белсенділігі туралы (қазіргі уақытта найзағай «қолмен» – визуальді-есту әдісі арқылы тіркеледі) қосымша шұғыл ақпараттар есебінен қолайсыз ауа-райы жағдайы туралы нақтыланған болжамдар.

Отандық электрэнергиялық компаниялар үшін – бұл жақындап келе жатқан дауыл қауіптері және шұғыл жөндеу жүргізу үшін электр қабылдау желілерінің зақымданған тірегінің нақты көрсетілген координаттары, аумақтың найзағай белсенділігі деңгейіне талдау есебінен электр берудің жаңа желілеріне жол тартуды жобалау туралы жөндеу тобына алдын-ала хабарлау.

Әуежайлар –өте қауіпті операцияларды тоқтату, мәселен, найзағай кезінде ұшақтарды жанармаймен толтыруды уақытша тоқтау.

Мұнай мен газ өндіру – құбыр желілеріне төсеуде ең ықтимал электрлік- қауіпсіздік бағыттар таңдау.

Геологиялық барлау – найзағай туралы ақпарат мұнай, газ, су, минералдар мен басқа да табиғи ресурстарды іздестіруге көмектесу үшін қолданылады.

Желінің негізгі практикалық маңыздылығынан басқа, найзағай туралы ақпаратқа еліміздің ғылыми институттары да мүдделі, олар ғаламдық электр желілерін зерттеу, атмосфераның жоғарғы қабатындағы спрайттар мен джеттер, найзағай белсенділігін маусымдық және кеңістіктік тарату, атмосфералық электр, спутниктік өлшемдерді тарту арқылы сәулеленудің техногендік және табиғи дереккөздерімен электрмагниттік ұйытқулар байланыстары туралы бағыттар бойынша зерттеулер жүргізеді.

2017 жылдың соңында дайын болған Жүйені пайдалануға енгізу және елдегі барлық мүдделі кәсіпорындар мен қызметтерге Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы найзағай белсенділігі туралы деректерге шұғыл қолжетімділікті іске асырудың жоспарланып отырғанын атап өткен жөн.