Жаңалықтар

06 сәуір 2017

 

Жапония және Қазақстан астрофизиктері - ынтымақтастықтың жалғасы

Жапония Ұлттық астрономиялық обсерваториясының бір топ ғалымдары Қазақстанда, В.Г. Фесенков атындағы астрофизикалық институтта болды.

 

2015 жылғы қазан айында Алматы қаласында Жапония Ұлттық астрономиялық обсерваториясы (NAOJ) және Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы (ҰҒЗТО) атынан В.Г. Фесенков атындағы астрофизикалық институт арасында Астрономия мен астрофизика саласында өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Жапония тарапынан құжатқа профессор Казухиро Секигучи, қазақстандық тараптан Институттың директоры, қазіргі кезде «ҰҒЗТО» президенті Шыңғыс Омаров қол қойды.

Гавай аралдарындағы Мауна-Кеа сөнген жанартауы басында орналасқан, «Субару» телескоптарымен жабдықталған, әлемдегі ең озық обсерватория және оптикалық құралдарына ие бола отырып, жапон астрономдарының, Жапония Ұлттық астрономиялық обсерваториясындағы әріптестердің біздің елді әріптес ретінде таңдауы кездейсоқ емес. Қазақстандық обсерваториялардың географиялық өте қолайлы  орналасуы, Еуропа мен Азия арасындағы бойлық бос орынды жабуы оларды халықаралық ғылыми қауымдастық ісінде таптырмайтын әріптес ретінде тануға мәжбүрлейді. Қазақстандық астрономдар, өз кезегінде, жапондық ғалымдардан деректер алуға өте мүдделі.

Мауна-Кеа Обсерваториясы, Гавайи                 Жапон делегациясы Каменское плато обсерваториясында

Оның үстіне, өткен уақыт аралығында біздің обсерваториялар жаңа сапалы даму жолында. Телескоптарды қашықтықтан басқару жүйесі, деректерді тарату мен сақтау заман талабына сай деңгейде, ол көптеген елдердегі ғалымдардың ең озық зерттеушілік талаптарына жауап береді. 

Тянь-Шань астрономиялық обсерватория     Ассы-түрген астрономиялық обсерватория

Өткен аптада профессор Казухиро Секигучи (Kazuhiro Sekiguchi) бастаған жеті адамнан тұратын жапондық ғалымдар тобы тағы да Қазақстанға келді. В.Г. Фесенков атындағы астрофизикалық институтта қазақстандық-жапондық астрономиялық семинар өткізілді (мини-воркшоп). Бақылау астрономиясы және есептеу астрофизикасы, планеталық ғылым мен кіші планеталар, гравитациялық толқындар, катаклизмді ауыспалы жұлдыздар тақырыптарына баяндамалар жасалды, сондай-ақ NAOJ зерттеулері мен Жапония университеттерінің зерттеу жобаларына шолу жүргізілді.

Профессор Казухиро Секигучи                          Профессор Юкихиро Такахаси

Қонақтар биіктаулы Тянь-Шань астрономиялық обсерваториясымен танысты, «ҰҒЗТО» АҚ бас офисінде болып, онда семинар өткізілді және ғылыми баяндамалар жасалды.

Қазақстандық және жапондық астрономдар арасындағы болашақ бірлескен зерттеу бағдарламалары талқыланды, екі жақтың пікірі бойынша ол зерттеулердің зор болашағы бар.  Жапония университеттерінде білімін жалғастыруға шешім қабылдаған қазақстандық студенттер мен жас ғалымдар үшін кең жол ашылуы мүмкін. Білім мен ғылым саласында жапондық университеттер іс жүзінде жаңа әлемдік тенденция қадыптастырып отырғаны жалпыға мәлім. Ұзақ жылдандан бері Жапония шетелдік студенттер үшін жабық болатын, алайда, XX-XXI ғасырлар тоғысында көптеген жапониялық оқу орындары басқа елден келген жастар үшін есігін айқара ашты.

"ҰҒЗТО" АҚ семинар

Астрономия мен астрофизика саласындағы ынтымақтастық, түрлі елдер өкілдерінің қатысуымен халықаралық жобалардағы бірлескен жұмыстар қазақстандық ғылым мен қазақстандық жас ғалымдар буыны үшін кең мүмкіндіктер беріп отыр.

 

 

Александр Губерт,

«Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы»,

Алматы.