Жаңалықтар

24 желтоқсан 2018

 «ҰҒЗТО» АҚ ғалымдары жоғары мемлекеттік және ведомстволық марапаттар алды

 

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі Күні құрметіне  «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» АҚ және оның еншілес ұйымдарының (институттарының) бірқатар қызметкерлері мен басшылары жоғары мемлекеттік және ведомстволық марапаттарға ие болды.

***

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылғы 5 желтоқсандағы Жарлығымен «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» АҚ президенті Омаров Шыңғыс Түкенұлы «Ерен еңбегі үшiн» («За трудовое отличие») медалімен марапатталды.

Марапатты Қазақстан Республикасы қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Б.Б. Атамқұлов тапсырды.

***

Қазақстан Республикасы қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Б.Б. Атамқұловтың бұйрығымен "Ғарыш саласын дамытуға қосқан үлесі үшін" медалімен төмендегілер марапатталды:

Ахмеджанов Алшын Хәкімұлы, «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» АҚ, зертхана меңгерушісі;

Ахмедов Даулет Шафиғұлұлы, «Ғарыштық техника және технологиялар институты» ЕЖШС, директор;

Беков Асқар Абдул-Халықұлы, «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» АҚ, бас ғылыми қызметкер;

Валлиулин Рашит Равилиевич, «В.Г. Фесенков атындағы астрофизикалық институт» ЕЖШС, директордың ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары;

Елеубаев Сүлеймен Ақтілеуұлы, «Ғарыштық техника және технологиялар институты» ЕЖШС, зертхана меңгерушісі;

Исмаилов Марат Базаралыұлы, АО «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» АҚ, департамент директоры;

Қалдыбаев Азамат Алмасханұлы, «Ионосфера институы», директордың орынбасары.

"Ерен еңбегі үшін" медалімен экономикада, әлеуметтік салады, ғылымда, мәдениетте және мемлекеттік қызметтегі еңбектегі табыстарға жеткен азаматтар марапатталады. 

Мемлекеттік марапаттар туралы Қазақстан Республикасы Заңының  21 бабы

"Ғарыш саласын дамытуға қосқан үлесі үшін" медалімен Қазақстан Республикасының ғарыш саласының құрылуы мен дамуына, оның ішінде ғарыштық кеңістікті зерттеу және пайдалану, ғарыш саласындағы жобаларды іске асыру, зымыран-ғарыш техникасын құру және пайдалану және ғарыш қызметінің басқа да бағыттары бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ғарыш саласы үшін кәсіби мамандар дайындауға, оның жетістіктерін насихаттауға үлкен жеке үлес қосқан, Қазақстан Республикасының ғары саласы бағытындағы кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдарда 10 жылдан кем емес жұмыс (қызмет) өтілі бар ғарыш саласының қызметкерлері марапатталады.

«Қазақстан Республикасы Үкіметі құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдардың ведомстволық марапаттары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы.